Тараптар медиациямен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Миялы селосының тұрғыны азамат Б.М.-ға қатысты жекеше айыптаудағы қылмыстық іс қаралды.  

Сотталушы Б.М. Миялы селосының тұрғыны Т.А.-ның кәмелетке толмаған баласының басына аулада жатқан ағаш таяқты лақтырып, басын жарақаттаған.

Сот отырысында сотталушы Б.М. жәбірленуші мен оның өкілінен кешірім сұрап, өзара медиациялық тәртіппен тауласуларына байланысты, өзіне қатысты істі тоқтатуды сұрады. 

Сот отырысында тараптармен сотқа өз араларында татуласқандары жөнінде кәсіби емес медиатор Б.Утегалиеваның қатысуымен жасақталған медиациялық келісім ұсынылды. 

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен жекеше айыпталушы Б.М.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты тоқтатылды.

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі