Тараптар пилоттық жобаға қатысуға тілек білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені» 2017 жылғы 26 қаңтарда бекіткен болатын.

Осының негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасы бүгінгі күнде іске асырылуда.

Сонымен, Исатай ауданының тұрғыны К. жеке кәсіпкер Н-дан 2016 жылы қарашада қарызға киім-кешек сатып алады және қарыз сомасын бір ай көлемінде қайтаруға міндеттенеді, алайда қарызды қайтармайды. Ал жеке кәсіпкер Н.К-ге қарызды қайтару туралы бірнеше рет ескертеді, алайда одан нәтиже болмайды. Осыған байланысты талап қоюшы Н. жауапкер К.-дан қарызын өндіруді сұрап, сотқа жүгінген.

Талап арыз соттың өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалып,  дайындық кезінде тараптарға заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері, дауды татуласу келісімімен аяқтауға болатыны түсіндіріле отырып, пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымдарын жазбаша білдіру және келіскен жағдайда 5 күні ішінде тараптардың медиатормен жасасқан медиация жүргізу туралы жазбаша келісімдерін сотқа жолдау ұсынылған болатын.

Тараптар аталған жобаға қатысатындарын және медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасатындарын көрсетіп, өтініштерін сотқа тапсырып, сол себепті іс жүргізу тоқтатыла тұрған.

Тараптар медиациялық келісімге келіп оны жазбаша түрде жасап және сотқа табыстап, істі тоқтата тұрудың мән-жайы жойылғандықтан іс қайта басталып, қарауға тағайындалды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі