Тас жолдағы тайталас ажалға ұрындырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау-Индер тас жолында адам өлтіру оқиғасы  бойынша қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Сотта анықталғандай, жәбірленушілер Е.О.,Е.А. және Е.Ж. сотталған М.А.-мен Атырау-Индер тас жолының бұрылысында кездеседі, соңғысы оларға 160 000 теңге бережақ болған.

Кездесу барысында олардың арасында дау туындап, жәбірленушілер автокөліктеріне отырып, кездесу орнынан кетуді шешеді. Сотталушы М.А. да өз көлігіне отырып, оларды қуып жетіп, жәбірленушілердің автокөліктерін қасақана бірнеше рет соғады. Соқтығыс нәтижесінде жәбірленушілердің автокөлігі аударылып, жәбірленушілердің бірі Е.О. оқиға орнында қаза болады, қалғандары Е.Ж. мен Е.А. түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Сот үкімімен М.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі (қатаң режимі) белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі