Терроризм ұйымдастырғаны үшін 20 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотыменАфганистан Республикасында осы жылдың басында ұсталған Зналиев Дамирге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Басты сот талқылауында анықталғаны, сотталушы Д.Зналиев 2011 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының азаматтары М.У., Х.Р. және Бельгия азаматы М.Г. мен бірге Ислам Республикасы Пакистанның Солтүстік Вазиристан бос тайпалар аймағында  «Джунд Аль-халифат» («Солдаты Халифата или «Jund al – Khilafah») атты халықаралық террористік ұйым ұйымдастырған. Бұл ұйымның құрамына Қазақстан, Тәжікстан және араб елінен шыққан азаматтар кірген.

2011 жылдың 12 қыркүйек – 2 қазан аралығында Д.Зналиев азаматтар М.У., Ж.Х. мен адамдар тобы болып, Алматы қаласының ҚР Сыртқы істер Министрлігінің аумағына, Алматы қаласының ІІД-нің әкімшілік ғимаратына  жарылыс жасауға оқталып, оған дайындалу жұмыстарын ұйымдастырған, 2011 жылдың 28 -30 қазан аралығында Атырау қаласындағы әкімдік және прокуратура ғимараттарына жарылыс жасауды ұйымдастырған. 

Басты сот талқылауында сотталушының қылмыстық іс-әрекеті сот тергеуінде зерттелген дәлелдемелермен, куәлардың жауаптарымен, өзінің кінәсін толықтай мойындаған жауабымен дәлелін тапты.

СотталушыД.Зналиевсот үкіміменҚК-нің 233 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен (Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту), 28 баб. 3 бөл, 233 баб. 3 бөл. «б» тарм, 233-2 баб. 1, 2 бөл, (Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу),233-3 баб., 2 бөл.(Террористік немесе экстремистік қызметтіқаржыландыру және терроризмге не экстремизмгеөзге де жәрдемдесу), кінәлі деп танылып, оған20жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелері (қатаң режимі) белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі