Тыйым салынған суда жүзу құралдарының иелері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотта анықталғандай, 11 қыркүйек күні ҰҚК департаментінің, полиция және орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен Каспий теңізінің жағалауында заңсыз жүзу құралдарын алу бойыша біріккен рейд жүргізілді. Исатай ауданының Жанбай селосынан шамамен 20 шақырымдай теңіздің жағалауында заңсыз балық аулауға арналған жүзу құралдары табылған.

Тыйым салынған жүзу құралдарын алу кезінде жиналған жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық білдіріп, олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты заңды қызметтерін атқаруына кедергі келтірген.

Осыған байланысты, сол күні 11 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып, аудандық соттың қарауына жолданған.

Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен 11 тұлға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Фото ашық дереккөздерден

 

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі