Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Е.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Е.Ж. кешкісін арақ ішкен мас күйінде өзінің туысы жәбірленуші А.К.-ның үйіне келген. Алайда, жәбірленуші А.К. масаң күйдегі туысына есік ашпайды. Сол кезде ашуланған Е.Ж. үйдің терезесін сындырып, туысын балағаттайды.

 Бұл әрекетімен ол ұсақ бұзақылық әрекет жасаған.

Сот қаулысымен Е.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі