Ювеналды сотта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің,  қатысуымен  Қазақстан  Республикасының Конституциясы күніне орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында Атырау каспий колледжі студенттері және  «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі»–ММ-нің өкілі А.Бекбаеваның қатысуымен кездесу өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Гизатолла Отарұлы мерекелік  кездесуді  ашып, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады. Алғы сөзінде бүкіл халықтық референдумда қабылданған конституция құқықтық мемлекет құрудың кепіліне айналды. Қазақстанның ең жоғары конституциялық құндылықтары ретінде адам, оның құқықтары мен бостандықтары танылды. Бүгін еліміздің сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, өмірдің барлық саласында заң үстемдігі орнауын қадағалап келетінін атап өтті. Өз баяндамасында  Елбасының рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында Қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын айтып,   рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлтты сақтау қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеу кезеңінде рухани бастамшылықтарды ұмытпау қажеттілігіне тоқталып, ұлттық код, руханият пен тіл мәселесі жөнінде салмақты ойлар қозғағандығын атап өтті.

Кездесу барысында сот мамандары және қатысушылар елді жаңғырту, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту және халықты  ортақ мақсатқа жұмылдыру туралы пікірлерін ортаға салды.

Кездесуге  қатысушылар ел болашағының дамуы үшін ұсынылған маңызды мақалаға  қолдау білдірді.

 

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі