Ювеналдық сотта құқық бұзушылықты қайталап жасаған жасөспірімге және оның ата-анасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының  3-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған  жасөспірімнің анасына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында жасөспірімнің анасы түнгі уақытта оған полиция қызметкерлері келіп, оның 2000 жылы туылған кәмелетке толмаған баласының үлкендердің еріп жүруінсіз Жеңіс саябағы ауданында ұсталғанын айтқанын мәлімдеген.

Жауапталған жасөспірім достарымен жүгіруге шығып, ювеналдық полиция қызметкерлеріне ұсталғанын айтқан.

Сот қаулысымен кәмелетке толмағанның анасына 23 824 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотта жасөспірімнің анасының бұрын да баласының түнгі уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүргені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Осы істі қарау барысында судья Г.Отарұлы жасөспірім мен оның анасына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда ювеналдық сотпен жүргізілетін жұмыстарды айтып түсіндірді.

Ағымдағы жылы сотпен осындай құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты 91 әкімшілік іс қаралған.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі