Ювеналдық сотта медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды және Медиация заңын қолдануды қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтағы татуласу рәсімдерін, соның ішінде Медиация заңын қолданып сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кәсіби медиаторлар М.Мухтарованың, Е.Неклюдовтың, баспасөз өкілі «Заң» газетінің тілшісі Қ.Куатованың  және қалалық білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Төрағалық етуші судья Н.Искакова татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту,  азаматтардың соттан тыс дауды  реттеуге мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтіп, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ювеналды сотта жүзеге асырылған сот төрелігіне, соның ішінде даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жұмыстарының нәтижесі бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады.

Есептік кезеңдегі ақпараттық есепке алу құжаттарының деректемелеріне сәйкес 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша сот өндірісінде 16 қылмыстық іс қаралып, 3  іс медиация тәртібімен аяқталып, 3 жеке қаулы қабылданса, 299 әкімшілік іс қаралып, 18 жеке қаулы қабылданған. Сонымен қатар, барлығы 246 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 133 іс бойынша шешім шығарылып, медиация тәртібімен-56, бітімгершілік келісіммен-11, партисипативтік келісім тәртібімен 1 іс аяқталып, 8 жеке ұйғарым қабылданған. Азаматтық сот өндірісі бойынша кәсіби медитордың қатысуымен-22 іс, сот медиатор ретінде - 50 азаматтық іс тараптардың медиациялық тәртіпте татуласуымен аяқталған.

Сот тәжірибесінде медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуде, жалпы кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау санатындағы азаматтық істерге кеңінен қолданылатына, «Медиация» заңын насихаттау  жұмыстары өзінің оң  нәтижесін беріп отырғанына тоқталып, жиналыс барысында  кәсіби медиаторлар М.Мухтарова,  Г.Марданованың еңбектері ерекше екені жеке аталды.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі