Ювеналдық соттың судьясы «Назар» ток-шоуына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғизатолла Отарұлы облыстық телеарнаның тікелей эфирінде «ТОйдағы балалар» тақырыбындағы «Назар» ток-шоуына қатысты.

Өз сөзінде судья Ғ.Отарұлы ювеналдық сотпен кәмелетке толмағандардың құқықтары, заңды мүдделері мен бостандықтарын қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы айтып өтті.

Судья балалардың түнгі уақытта түрлі шараларда жүрулеріне қатысты өз пікірін білдіріп, осындай фактілер бойынша сатистикалық мәліметтер келтірді. 

«Егер, кәмелетке толмағандардың түнгі 22.00-06.00 аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс немесе сауықтыру орындарында жүргені үшін 108 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылса, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың сауықтыру орындарында жүруіне жол бергендері үшін түнгі мекемелердің 34 әкімшілері жауапкершілікке тартылды» - деп атап өтті ток-шоудың қонағы Ғ.Отарұлы.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі