Жанұя тыныштығын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен Л.М.-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.

Құқық бұзушы Л.М., Махамбет ауылындағы үйіне алкогольдік ішімдігін ішкен күйде келіп, інісі Б.С-ға сыйламаушылық білдіріп, ішімдікке ақша сұрап, оның мазасын алып, ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот, тараптардың түсінігін тыңдап, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, прокурордың қорытындысын тыңдап, құқық бұзушының жеке басын, іс бойынша анықталған мән-жайларды ескеріп, соттың қаулысымен Л.М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны әкімшілік  жауаптылыққа  тартылып, әкімшілік жаза ретінде оған әкімшілік жаза ретінде оны 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

 Қаулы  заңды күшіне енген.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі