Жеке айыптау ісі бітімгершілікпен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 (ұрып соғу) бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

Іс құжаттары бойынша,айыпталушы 2017 жылдың наурыз айында өзінің пәтерінде заңды некедегі жолдасы Г.-ғақол көтеріп, ұрып-соққан.

Жеке айыптаушы соттан күйеуін жауапкершілікке тартуды сұраған.

Басты сот талқылауында жеке айыптаушы Г. айыпталушымен медиация тәртібімен татуласқанын, жолдасына қатысты жеке айыптауынан бас тартатындығын көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш тапсырды.

Айыпталушы кінәсін толықтай мойындап, жекеше айыптаушыдан кешірім сұрап, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жеке айыптау ісі тоқтатылды.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі