Жеке кәсіпкер құқық иеленушінің рұқсатынсыз «Swarovski» тауар белгісін заңсыз пайдаланған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 158 бабының 1 бөлігімен  жеке кәсіпкер «Пана»ЖШС- не қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Болотов и партнеры» ЖШС-нің арызы бойынша 2017 жылдың наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында жеке кәсіпкер «Пана» ЖШС-нің Атырау қаласы, Азаттык көшесінде орналасқан «Swarovski Elements» дүкенінде «Swarovski» тауар белгісінің атауын заңсыз пайдаланғаны анықталған.

Сотпен «Пана» ЖШС-гі кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 90 760 тенге айыппұл жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі