Жездесінің қойын ұрлаған балдыз сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа берілген Г.К.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы Г.К. жездесі А.А.-ның үйіне танысының көлігімен келіп,  бөтеннің мүлін жасырын жымқыру ниетімен қорада тұрған қой малын ұрлап алып, автокөлігінің артқы жүксалғышына салып, қылмыстық оқиға болған жерден бой тасалап кетіп қалған. Сөйтіп 30 000 теңге шығын келтірген.

Сот, іс бойынша жинақталған құжаттарды зерттеп, сотталушы мен жәбірленушінің медиация жолымен татуласқандарын ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде аталған қылмыстық іс бойынша сот өндірісінен қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі