Жүргізуші көп мөлшердегі балықпен ұсталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты сотталушы У.М.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 240 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту  жазасын тағайындады.

Сотта анықталғандай, азамат У.М. 2017 жылдың ақпан айында Атырау облысы Исатай ауданының Забурын ауылының тұсындағы «Актобе-Астрахань» тас жолы тұсында өзіне бұрын таныс емес адамдардан жалпы салмағы 581 килограмм болатын «сазан» тұқымдас қара балықтарын сатып алған.

Алған балықтарын өзінің «Volkswagen Sharan» маркалы автокөлігіне тиеп, Астрахань қаласына бағыттап бара жатырған жолында полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотта сотталушы У.М. өз кінәсін толығымен мойындап, жеңіл жаза беруді сұрады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі