Жылыой аудандық сотында «Гендерлік саясаттың өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Гендерлік саясаттың өзектілігі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы  Ж.Аятов, аудандық сот судьялары, әділет, мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот отырысының хатшысы А.Адаева баяндама жасап, «гендер» термині ғылымда өткен ғасырдың аяғында пайда болғанын атап өтті. Мыңжылдық бойы объективті гендрлік теңсіздік жүйесі қалыптасқан, яғни барлық өмір сүру ортасы анық екіге бөлінді. Біреуі -жария (өндіріс, саясат, дипломатиялық, саяхат және ашықтық аясы), яғни басқару ер адамдардың қолында болған. Екіншісі отбасы, үй шаруасы, бала туу және оны тәрбиелеу әйел адамның міндетіне жатқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін адамдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында айтарлықтай дамуда.

Қазақстан Республикасы 1998 жылы БҰҰ-ның конвенциясы «Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы» құрамына енді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының БҰҰ «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенцияға және «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы» конвенцияға қосылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге және тағы басқа актілерге, Қазақстан азаматтардың құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық келісімдерге қол қойды.

Шара соңында төраға міндетін атқарушы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және олардың  іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі