Жылыой аудандық сотының төрағасы тұрғындарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Аталған іш-шараның аясында Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаевтың қабылдауына аудан тұрғындары С.Сүгіров,  А.Альжанов, М.Жұмағазиев, М.Шаукеров келіп, еңбек даулары, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау жөніндегі сұрақтар қойылды.

Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп және қойылған сұрақтарына жауап берді.

Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты - тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.

 

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі