Әзірбайжан азаматы балықты заңсыз жолмен сатып алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген А.О.-ға  қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы А.О. Әзірбайжан Республикасының азаматы бола тұра, Атырау қаласының «Көктем» базарында, өзіне бұрын таныс емес  адамдардан күні бұрын уәделеспей,  көрінеу қылмыстық жолмен табылғанын біле тұра, салмағы 108 кг. «чехонь» балығын  және салмағы 45 кг«жерих» балықтарын барлығы  133 500 теңгеге сатып алған.

Сот оның қылмыстық іс әрекетінің сипатын, қоғамға қауіптілігін, бұрын сотталмағандығын, сотталушының жеке басын, яғни басқа мемлекеттің азаматы екендігін ескеріп, оған 90 760 тенге айыппұл жазасын тағайындаған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі