Архив событий

09/01/2017

Жаңа жылдағы жанжал өлімге әкеп соқты

09/01/2017

 Атырау қаласының №2 сотымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыстық әрекетті жасаған үшін күдікті М.-ға қатысты екі айға күзетпен ұстауға санкция берілген.

Тергеу деректері бойынша, М. 31 желтоқсан 2016 жылы сағат 21.30-да өзінің танысына Жаңа жыл мерекесін тойлауға келіп, спирттік ішімдіктер ішу барысында пәтердің иесі Х.-ға дене жарақаттарын келтірген.

Атырауда сот-медициналық сараптамасының сарапшысы үй қамаққа алынды

09/01/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сот сарапшысына қатысы «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын және оның сыбайласына қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Тергеу дерегінше, сарапшы жалпы сомасы 20 000 АҚШ долларын құрайтын пара алуға қастық жасағаны үшін күдіктенуде. Қылмыстық істің екінші сыбайласы лауазымды тұлғаның пара алуына көмектескені үшін күдіктенеді.

Сотталушы рақымшылыққа ілікті

09/01/2017

Р.С. 2016 жылдың күзінде жәбірленушілер М.А.-ның, К.А.-ның, К.А.-ның сеніміне кіріп, оларды «Іскер» мекемесіне стропальщик ретінде жұмысқа орналастыруға уәде берген. Бұл қызметі үшін алаяқ олардың әрқайсысынан 35 000 теңге талап етіп, олар бұның «Қазақстан Халық Банкі» банкоматына 35 000 теңгеден ақша аударған.

Сотта өгей әке баласын кешірді

09/01/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, сотталушы 2016 жылдың қараша айында өгей әкесі С.-ныбоқтап-балағаттап, ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген.

Сотта олар медиация тәртібімен татуласып, соттан қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен жекеше айыптаудағы қылмыстық іс қысқартылды.

Жазадан құтылмады

09/01/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен К.К. мас күйінде көлік жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен кінәлі деп тынылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Іс құжаттарына сәйкес, желтоқсан айында Исатай ауданының Зинеден селосында жол полициясы қызметкерлерімен Исатай ауданының тұрғыны К.К.-ның басқаруындағы жеңіл автоколік тоқтатылған.