Архив событий

19/01/2017

Атырау қаласының №2 сотында жыл қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті

19/01/2017

Атырау қаласының №2 сотында 2016 жылдың жұмысын  қорытындылау бойынша салтанатты шара өткізілді.

Сот төрағасы сот судьялары мен мамандарын Жаңа 2017 жылымен құттықтады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қорытындысы бойынша мінсіз мемлекеттік қызметін, өзінің лауазымдық міндеттерін жауаптылықпен орындауы арқылы танытып келе жатырған, сот кеңсе жұмысының жандауында өзіндік белсенділік танытып, сот жұмысының өркендеп көркеюіне қосқап елеулі үлесі  үшін сот қызыметкерлері марапаталды.  

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша брифинг өтті

19/01/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 12 айында сот төрелігінің жүзеге асырылуы мен атқарылған жұмыстардың жылдық қорытындысы бойынша  «Атырау» газеті тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Атқару өндірісін орындаудан жалтарған

19/01/2017

Атырау  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша азамат Э.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2011 жылдың 19 қыркүйегінде Атырау қаласының №2 сотымен азамат Э.-ге мемлекет пайдасына 423 900 теңге көлемінде айыппұл салынған, бүгінгі күні мемлекет пайдасына тек 97 500 теңге мөлшерінде төленген.

Азамат Э.тағайындалған соманы төлемей, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Төрт баланың ата-анасы отбасын сақтап қалды

19/01/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотына Мақат ауданының  тұрғыны А.Г. некені бұзу туралы талап  арызымен жүгінген.

Талап арызда А.Г. жұбайымен 2003 жылдан заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған төрт балаларының барын, жауапкер Ы.М.-мен мінездері келіспейтінін, ұрыс-керіс болатынын, жауапкердің жұмыс жасамайтынын, қазіргі уақытта бір отбасы болып тұрмайтынын, некелік қатынас үзілгенін көрсетіп, некені бұзуды сұрады.

Дәмхана қоғамдық тамақтану мекемесінің тазалық ережелері талаптарын бұзған

19/01/2017

Сот тәжірибесі қоғамдық тамақтану мекемелері тазалық ережелерін бұзғаны үшін үнемі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын көрсетеді.

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Сисенов И.У. ЖК-і қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, Тайманов көшесіндегі «Зәм-зәм» асханасының 10 күнге өз қызметімен айналысуы тоқтатылып, 226 900 теңге айыппұлға тартылды.

Құрманғазы ауданының ІІБ басшысының орынбасары бөтен көлікті сатып жіберген

19/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында аудандық ішкі істер бөлім басшысының орынбасары М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс сотқа кінәні мойындау туралы процестік келісіммен істі келісімдік іс жүргізуде қарау туралы өтінішхатпен түскен.