Архив событий

13/01/2017

Атырау облыстық сотының судьясы Зәуреш Әбдіқұлованы әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды

13/01/2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Атырау облыстық сотының судьясы Әбдіқұлова Зәуреш Орынбасарқызы құрметті отставкаға шықты. Судья облыстық соттағы қызметіне 20 жылын арнаған.

Судьяның жалпы еңбек өтілі 40 жылды құраса, оның 20 жылында судьялық лауазымда болған. Зәуреш Әбдіқұлова еңбек жолын Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық адвокаттар алқасында тәлімгер, адвокат болып бастап, кейін ұзақ жылдар бойы Атырау облыстық сотында қызмет еткен.

Ювенальдық сот теріс қылық жасаған жасөспірімді жазадан босатты

13/01/2017

2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

Рақымшылық жасау туралы Заңның негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Мекеме қызметкері жұмыс берушінің бұйрықтарына шағымданды

13/01/2017

Атырау қалалық сотында Б.Б.-ның «НИПИ» АҚ-на ескерту мен сөгіс жариялау жөніндегі бұйрықтарының күшін жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Б.Б. мен «НИПИ» Ақ-ы арасында еңбек шарты жасақталған, оған сәйкес, Б.Б. «НИПИ» АҚ-да қадағалау жетекші инженері лауазымында еңбек атқарған.

Зейнеткер қылмыстық жауаптылықтан босатылды

13/01/2017

Зейнеткер С.К. пайдалануына тыйым салынған балықты заңсыз алғаны үшін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, С.К. 2016 жылдың қазан айында Жайық өзені жағалауында танымайтын жігіттерден 45 000 мың теңгеге 25 килограмм бекіре тұқымдас балығын сатып алған.

Балықта сатып алып, таксиге отырып, одан түсер кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсталған.

Сот приставы сотталушыға алғашқы көмек көрсетті

13/01/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот процесінде сотталушы К.А. өзіне тағылған айыппен келіспей, анықталмаған металл құралымен сол қолының тамырын кесіп, денесіне зақым келтірді.

Осы мезетте аға сот приставы М.Жұбанов сотталушының қолынан көп мөлшерде қан шыққанын көріп, өзіне төніп тұрған қауіптен жасқанбай, дереу алғашқы  көмек көрсетті.

Кейін  дәрігерлік көмекті жалғастыру үшін сотталушы ауруханаға айдауыл күзетімен жеткізілді.

Индер аудандық сотының судьяларына алғыс

13/01/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің атына Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны азамат С.Д.Байгенжиевтен Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы Индер аудандық сотының судьялары З.Бекжанова мен Ә.Құспановқа азаматтық істі қарауда тергеу органдарының заңсыз әрекеттерінің кесірінен орын алған түсініспеушіліктерді реттеуде, оның салдарын жоюда тиісті принципшілдік пен біліктілік танытып, әділ шешім шығарғаны үшін алғысын білдіріп, оларға жемісті еңбек пен мықты денсаулық тіледі. 

Атырауда келінінің соққысынан енесі ауруханаға түсті

13/01/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 107 бабының 1 бөлігімен сотталушы О.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы О.Н. Таңдай селосындағы өз үйінің ас бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатырған уақытта өзімен бірге тұратын енесіне ашуланып, енесінің бет әлпетінен бір ұрып, жерге құлатқан. Соның салдарынан жәбірленуші Ж.А. Махамбет аудандық ауруханасына түскен.