Архив событий

24/01/2017

Абайсызда адам өлтірген 3 топ мүгедегі рақымшылыққа ілікті

24/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында бұрын Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен - абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған сотталушы Б.О.-ға қатысты Құрманғазы аудандық пробация қызметінің рақымшылық қолдану туралы ұсынысы қаралды.

13 желтоқсан 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

24/01/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен құқықбұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта  С.-ның Қазақстан Республикасының аумағына жеке мақсатпен келіп, Құлсары қаласында «Бейбіт» жеке кәсіпкерлігіне қарасты Беркад сауда орталығында сатушы ретінде жұмыс жасауға келісіп, уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғандығы анықталды.

Бұрынғы күйеуінің соққысына қалған әйел оны кешірді

24/01/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабы бойынша сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С.А. Мақат кентінде тұратын өзінің бұрынғы заңды некедегі зайыбы С.Н.-мен алкогольдік ішімдік ішіп, содан екеуі сөзге келіспей қалып, жәбірленуші С.Н.-ны балағаттап, қолымен екі көзінен ұрып, денесінен теуіп, жәбірленуші С.Н.-ға дене жарақатын келтірген.

Әкімшілік сот ұжымы бірыңғай киім үлгісіне көшті

24/01/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісінің негізгі талаптары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Ж.Киярова және соттың мамандары қатысты. Жиын шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісінің негізгі талаптары талқыланды.

Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы арызы қанағаттандырылды

24/01/2017

Арыз беруші Р.М. Атырау қалалық сотына азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы арызбен жүгініп, онда келесі мән-жайларды мәлімдеген: 2015 жылдың 30-ші маусымында Тұрғын үй құрылыс банкіне тұрғын үй сатып алу мақсатында несие ақша алып, үй сатып алу шартын жасақтау үшін нотариуске барғанында оның өлген адам ретінде базада тіркеліп тұрғанын айтып, нотариус шартты куәландырудан бас тартты. Содан бері күні бүгінге дейін тірі адам екенін дәлелдейтін құжат ала алмай, жасақтай алмай сергелденге салынып жүр.