Архив событий

27/01/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

27/01/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Қызылқоға аудандық сотында 2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

27/01/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Сырғабаева жергілікті «Қызылқоға» газеті тілшілерінің қатысуымен аудандық соттың 2016 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.

Жылыой аудандық соты 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

27/01/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот төрағасы мен судьялары, жергілікті "Кең-Жылыой", "Құлсары" газеті тілшілерінің  қатысуымен  2016 жылғы сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте сот төрағасы А.Саудабаев cот жұмысының жылдық қортындысын айтып өтті. Статистикалық деректер бойынша 2016 жылы Жылыой  аудандық сотымен 1 258  азаматтық, 141 қылмыстық және 2 047 әкімшілік іс қаралды.

Сот қызметкері студенттерді «Сот кабинеті» электрондық жүйесінің қыр-сырын таныстырды

27/01/2017

«Сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту, оның ішінде сервисті қолданушыларға «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру мақсатында Жылыой аудандық сотының аға cот приставы А.Досжанова Құлсары қаласындағы «Болашақ» колледжінде семинар сабағын өткізді.

Тергеу судьясы 2 ай мерзімге қамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді

27/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының тергеу судьясы Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі тергеушісінің А.М.-ны қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қарады.

А.М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 6-бөлігіне сәйкес абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп сараланған. 

Экономикалық сотта банкроттық өндірістің мерзімін ұзарту мәселесі талқыланды

27/01/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сот төрағасы Р.Жансықбаевтың, судьялар мен конкурстық басқарушылардың, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Банкроттық өндірістің мерзімін ұзарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар банкроттық өндірістің мерзімін ұзарту процесінде туындайтын мәселелерді  талқылап, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Заңды дұрыс қолдану мәселесіне жалпы көзқарастарын білдірді.    

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

27/01/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен құқықбұзушы У.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ құқықбұзушы У.Е. 2017 жылдың қаңтар айында Жол жүру Ережесінің 2.4.2 пункттерін бұзып, алкогольмен масаң күйінде көлік басқарған.

Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша оның жеңіл дәрежедегі масаң күйінде көлік басқарғаны дәлелденіп,  оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасақталған.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің бетінен шапалақпен ұрған

27/01/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

2016 жылдың қыркүйек айында  Өркен ауылында орналасқан тұрғын үйдің ауласында кәмелетке толмаған 2002 жылы туылған А.Сабиров пен 2006 жылы туған С.Сүйеуғали өзара сөзге келмей ұрсысып қалады. Сол кезде С.Сүйеуғалидың әкесі Б.Сагингалиев келіп, А.Сабировты бетінен шапалақпен ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежеде зиян келтiрген.