Архив событий

26/01/2017

Атырау қаласының №2 сотында Рақымшылық туралы заңның өзектілігі талқыланды

26/01/2017

Атырау қаласының № 2 сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талқылау туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған  шарада Атырау қалалық прокуратурасының өкілі К.Сыдиков, Атырау облысы бойынша ҚАЖ, Атырау қалалық пробация қызметі, УГ-157/9, УГ-157/11 мекемелерінің өкілдері, сонымен қатар Атырау қаласының № 2 сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Екі тарап бітімгершілікке келді

26/01/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талапкер «Казпромставба-Кульсары» ЖШС-нің жауапкер Т.-дан 841 286 тенге жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Белоруссия азаматы жол апатына ұшырады

26/01/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен Б.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Беларусь Репсубликасының азаматы Б.А. 2017 жылдың қаңтар айында Мақат поселкесіндегі Қарабатан зауытының аймағында NCOC қоймасының қасында «Scaniа R 440 L» маркалы автокөлікті басқарып, бұрылар кезде ара-қашықтықты сақтамай, «Scaniа,АР 2554-5» маркалы автокөлікке соқтығысып, нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасап, материалдық залал келтірген.

67 жасқа дейін төлқұжатсыз жүрген азаматтың туу туралы фактісі анықталды

26/01/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында арыз беруші А.К-ның заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Арыз беруші А.К. сотқа берген арызында 1949 жылы 10 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келгенін, ерте жетім қалып, туыс ағасының қолында болғанын, ешбір тіркеу мекемелерінде туылғаны туралы мәліметтер сақталмағанын, соның салдарынан зейнеткерлікке шыға алмай отырғанын айтып, өзінің туу туралы фактісін анықтап беруді сұрайды.

2016 жылдың 12 айы қорытындысы бойынша брифинг

26/01/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында ҮЕҰ-ның, «Нұр Отан» партиясының, прокуратура, БАҚ-ның өкілдерінің және судьялар, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуларымен 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Шара сот жұмысының 12 айының қорытындысы және Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуы, 12 айының көрсеткіштері мен сот әділдігін жүзеге асыру сапасын талқылауға арналды.