Архив событий

30/01/2017

Әкімшілік сотта сот актілерінің орындалу мәселесі талқыланды

30/01/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерінің орындалу мәселелері және оның шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык және судьялары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы облыстық радиоға сұхбат берді

30/01/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы З.Байназарова «Қазақстан Атырау» 100.2 ҒМ радиосында «Әкімшілік құқық бұзушылы туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау  тақырыбында сұхбат берді.

Құрманғазы аудандық сотында брифинг өтті

30/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында сот билігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Е.Аманғалиев, соттың судьялары мен сот қызметкерлері, Қазақстан-Атырау телеарнасы, Құрманғазы аудандық қоғамдық-саяси «Серпер» газетінің тілшісі Қ.Гумаров, Құрманғазы жастар ресурсы орталығының басшысы Б.Вахитов  қатысты.

Дау медиация әдісімен реттелді

30/01/2017

Талап қоюшы М.Б. сотқа жауапкер М.А.-мен араларындағы некені бұзу туралы арызданған.

Сот отырысында тараптар сотпен медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді.

Осы талап арыз бойынша Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында судьяның жәрдемдесуімен медиациялық  келісім бекітілді.