Архив событий

06/01/2017

Сот ұжымдары отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерімен жаңа жылда кездесті

06/01/2017

Атырау облысы соттарында  әрбір мерейлі мерекеде балалар үйінде болу игі дәстүрге айналып отыр.

Жаңа жылда осы игі  бастама өзінің  жалғасын тауып ювенальдық сот және Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы  өздерінің жылулығы және қамқорлығымен бөліспек болып, 4 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта 51 бала тәбиеленіп жатырған отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылында болды.

Фемида өкілдері соттардың ұжымы атынан ас үй жиһазы түріндегі естелік сыйлықты табыс етті.

Судьялар мен сот қызметкерлеріне алғыс

06/01/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азаматтық іс бойынша талап қоюшы Атырау қаласының тұрғыны азаматша Т.Р.Алдияровадан Алғыс хат келіп түсті.

Өз хатында автор Атырау қалалық сотының судьясы Г.Тургановаға азаматтық істі жан-жақты және объективті түрде қарағаны үшін шексіз алғысын білдірген.

Хат авторы судья Г.Тургановаға әділ шешімі мен тыңғылықты еңбегі үшін зор ризашылығын білдірген. 

Облыстық соттың қызметкерлеріне қызметтері үшін алғыс айтты

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласты

06/01/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен К.Н.-ға қатысты жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Л.С. сотқа жеке айыптау тәртібімен  жұбайы К.Н.-ды Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазып, оның өзін ұрып-соғып жеңіл дәрежелі дене жарақатын салғаны туралы көрсеткен.

Алимент мөлшерін төмендету

06/01/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы А.Х.-ның жауапкерлер А.К.-ға, Ж.Ф.-ға алимент мөлшерін төмендету туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А.Х. сотқа талап арыз жолдап, алиментті уақылы төлеп отырғанын, алайда алимент мөлшері 50 пайыздан артып отырғандықтан,  алимент мөлшерін төмендетіп беруді талап ететінін айтты.

Істі сотта қарау барысында жауапкерлер талап арызды мойындап, алимент мөлшерін төмендетуге келісіп, тараптар медиация тәртібімен татуласты.

Жиені нағашысын балағаттаған

06/01/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен А.С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы А.С. Махамбет ауылындағы үйіне келіп, алкогольдік мас күйінде жеңгесі Б.Г.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, оның ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Сот отырысында А.С. өз кінәсін мойындап,  іс әрекетіне өкінген, ал жәбірленуші Б.Г. інісі А.С. үнемі ішімдік ішіп, отбасының тыныштығын бұзатындығын айтып, оған кешірім бермеген.