Архив событий

11/01/2017

Жанжалқой апасымен татуласты

11/01/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен Т.М.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі  қаралды.

Бейбарыс ауылының тұрғыны сотталушы Т.М. өзінің ауласында бірге тұратын апасының қолын қайырып, балағаттап, намысына тиетін сөздер айтып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Автокөлікті алкогольден мас күйде басқарған

11/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Т.Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Т.Р. 2016 жылдың қазан айында Ақтөбе-Астрахань тас жолы тұсында «ВАЗ-21074» маркалы автокөлігін алкогольден масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында Т.Р. өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

 

Әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды

11/01/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, З. 2017 жылдың қаңтар айында Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында орналасқан «Тәзіке» дүкенінің артында, яғни қоғамдық орында кіші дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін ұсақ бұзақылық әрекет жасаған.