Архив событий

31/01/2017

Соттардағы ішкі қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру

31/01/2017

2017 жылғы 25 қаңтарда Атырау қаласы Атырау облыстық сотында Атырау облысының сотттарында сыбайлас жемқорлық және басқа құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша Комиссиясының төрайымы Т.К.Уалиеваның төрағалық етуімен, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаевтың, Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Б.Жолдаспаеваның, облыстық соттың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Соттардағы ішкі қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру» атты семинар өткізілді.

Жалғыз қалған жасөспірім ұрлыққа барды

31/01/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық соты ірі мөлшерде ұрлық қылмысын жасаған жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

16 жасар сотталушы жалғыз анасының тәрбиесінде өсіп, анасы Орал қаласына тұрмыс құрып кетіп, баласы Атырау қаласында пәтер жалдап қалған. Сөйтіп жасөспірім қаражаты болмағандықтан ұрлыққа барады.  Сөйтіп бір үйге кіріп жәбірленушінің несиеге алған екі миллионнан астам қаражаты мен бағалы бұйымдарын ұрлап кетеді.

Ұрлық жасаған жігітке бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

31/01/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен сотталушы А.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.А. арақ ішкен күйде Мұқыр селосында Б.Аманшин  көшесіндегі үйдің ауласында адам жоқтығын пайдаланып,  бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында үйдің пластикалық терезесін итеріп ашып-кіріп, жәбірленуші Г.И.-ға тиесілі жаңа киім-кишек салынған 2 сөмкені жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бойтасалап қашып кеткен.

Сотталушының Рақымшылық заңын қолданып жазадан босатуды сұрады

31/01/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында сотталған А.Е.-нің рақымшылық актісінің жариялануына байланысты жазадан босатуды сұраған өтініші қаралды.

А.Е. сотқа жолдаған арызында Қызылқоға аудандық сотының  үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1- бөлігімен айыппұл түріндегі жазадан 13 желтоқсан 2016 жылғы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы негізінде босатуды сұраған.