Архив событий

17/01/2017

Отбасындағы озбырлық

17/01/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-бабымен А.Т.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі  қаралған.

Сарытоғай ауылының тұрғыны, сотталушы А.Т. ішімдік ішкен мас күйінде өзінің үйіне келіп, ешбір себепсіз айқай шу шығарып, жолдасын балағаттап, ұялы телефонын сындырып, киім-кешектерін жыртып, оны ұрып-соққан.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған

17/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотына азаматша Е.Р. арызданып, аты қате көрсетілген еңбек кітапшасының өзіне тиесілі екендігі туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған.

Сот отырысында арызданушының атына 05 шілде 1976 жылы толтырылған еңбек кітапшасында оның аты қате жазылып, нәтижесінде, арызданушының еңбек кітапшасындағы аты мен оның жеке куәлігіндегі аты сәйкес келмейтіні анықталды.

Ау тормен балық аулаған

17/01/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен И.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, И.Т. 2016 жылдың желтоқсан айында Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы Шарон өзегінің мұзы үстінде тыйым салынған ұзындығы 24 метр көзі 70х70 мм. ау тор жарағымен балық аулап тұрған жерінен ұсталған.

Сот шешімі шыққаннан кейін тараптар татуласты

17/01/2017

Талап қоюшы С.  жауапкерлер  И., У.-ға жер телімін сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану, жылжымайтын мүлікті тіркеудің күшін жою, тұрғын үйді ерлі-зайыптының ортақ меншік мүлігі деп тану, ортақ мүлікті бөлу және ортақ мүліктен үлесінің ақшалай өтемақысын өндіру туралы Атырау қалалық сотына талап арызбен жүгінді.

Талап қоюшы алғашқы талабын толықтырып, тұрғын үйді ерлі-зайыптының ортақ мүлігі деп танып, бөліп, балалардың мүддесін ескеріп өзінің үлесінің ақшалай өтемақысын үйдің құнынан 70 пайыз мөлшерінде өндіруді талап еткен.

Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

17/01/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен азамат У.-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.