Архив событий

20/01/2017

Сот алқасы Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың апелляциялық шағымдарын қарады

20/01/2017

20 қаңтар 2017 жылы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушылар М.Боқаев пен Т.Аяновтың және олардың қорғаушыларының Атырау қаласының №2 сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымдарын қарады.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 28 қараша 2016 жылғы бірінші саты  сотының үкімі өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылды

20/01/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608- бабының 1- бөлігімен құқықбұзушы Е.Ж.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды, яғни алкогольмен масаң күйінде көлік басқарған.

Құқықбұзушы Жол жүру Ережесінің 2.4.2 пункттерін бұзып, алкогольмен масаң күйінде көлік басқарған. Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша оның  жеңіл дәрежедегі масаң күйінде көлік басқарғаны дәлелденіп, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасақталған.

Көршілер бітімгершілікке келді

20/01/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы К.М.-ның жауапкер Б.Т.-ға жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы сотқа талап қою арыз жолдап, онда көршісі Б.Т. Нұрқасынов көшесі бойында орналасқа үй мен өзіне тиесілі жер учаскесіне заңсыз құрылыстар жүргізіп, аузыша ескертулерге назар аудармағанын айтып, бөгденің иелігінен өзіне тиесілі жерді қайтарып беруді сұраған.

Жасөспірімдер түнгі уақытта мейрамхада даяшы болып қызмет еткен

20/01/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын–сауық мекемелерінде болуына жолберген мейрамхананың әкімшісіне қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.