Архив событий

12/01/2017

Атырауда трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелері сотталды

12/01/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған 5 Қазақстан мен Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық істі қарады.

Олар 2015 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурыз айы аралығында Ауғаныстан Ислам Республикаларының азаматтарын транзитпен Қазақстан, әрі қарай,  Мурманск облысындағы «Солтүстік маршрут» деп аталатын Ресей-Финляндия шекарасы арқылы арқылы Ресей және Европалық Одақ елдеріне жеткізіп отырған.

Кәмелетке толмаған туысын масаң күйге жеткiзген ағасы жауапкершілікке тартылды

12/01/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған туысын масаң күйге жеткізген Құрманғазы ауданының тұрғыны К.Ш.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

2016 жылдың желтоқсан айында Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын құқықбузушы К.Ш. 16 жастағы өзінің туысқан інісін масаң күйге дейін жеткізген.