Архив событий

31/05/2017

Жасөспірімге азғындық әрекет жасады деп күдіктенген азамат қамауға алынды

31/05/2017

Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы кәмелетке толмаған қыз балаға азғындық әрекеттер жасаған деп күдіктенген азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді.

А.М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 124 бабы 1 тармағымен, яғни кәмелетке толмаған қыз балаға азғындық әрекеттерін жасағаны үшін күдіктенеді.

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының судьялары саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

31/05/2017

31 – мамыр Қазақстанда саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстандықтар үшін бұл күн айрықша мағынаға ие.

Аталған күні Жылыой ауданы әкімі бастаған бірнеше мекеме өкілдерімен қатар Атырау облысының Жылыой аудандық сотының судьялары да бұл шараға қатысып, қатысушылар қуғын-сүргін жылдары өмірден өткен тұлғаларды еске алды.

Қатысушылар саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухтарына арналып тұрғызылған ескерткіштердің жанына гүл шоқтарын қойды.

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

31/05/2017

1. Султанова Айнур Самиголлаевна – Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымына (С-О-5 санаты) - негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне.

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

31/05/2017

1. Утеулиева Айгуль Койшыбаевна – Махамбет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына (С-R-1 санаты) – тұрақты орынға;

Атырау облысы соттарында сот орындаушылардың қатысуымен жұмыстық мәжілістер өтті

31/05/2017

Атырау қалалық сотында «Атқару өндірісін заңсыз қайтару немесе қабылдаудан бас тарту» тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің 2017 жылғы 13 мамырдағы жұмыс кеңесінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында кезектен тыс жұмыстық мәжіліс ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері түсіндерме жұмыстарын жүргізді

31/05/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында сот мамандарымен «Сот кабинеті» мен «Мобильді сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту мен халыққа сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтар ХҚКО-ға келген кезде электрондық цифрлық қолтаңба  (ЭЦҚ) алып, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы соттарға талап арызды (өтінішті), апелляциялық, кассациялық шағымдар мен өтініштерді дербес  бере алады.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

31/05/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Н. өзіне қатысты неке бұзу туралы азаматтық ісі бойынша сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз сот отырысына келмеген. Соның салдарынан сот отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылып, ол өз әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.