Архив событий

09/06/2017

Жылыой аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

09/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбындадөңгелек үстел өткізді. 

Аталған шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева, судьялар, кәсіпқой емес медиаторлар және ішкі істер бөлімінің өкілдері, прокурор көмекшісі Ж.Омаров қатысты.

Сотта тараптар келісімге келді

09/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер А.Д.Дузельбаева жауапкер "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" Сервистік бұрғылау кәсіпорны" ЖШС-нен9 302 000 теңге берешек сомасын,  93 020 теңге өсімпұлды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Талап қоюшы өз талаптарын жауапкер арасында арнайы техникалық қызмет көрсету келісім шарты жасақталған, алайда жауапкер атқарылған жұмыс ақысын төлемеген.

Сот борышкерді банкрот деп танымады

09/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның«Озирис-KZ»ЖШС-гін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өзінің талабын жауапкермен қарыз шарты жасақталғаның, қарыз нысанына сәйкес мал шаруашылығы өндірісіне 11 000 000 теңге берілген. Алайда, жауапкер өзінің қарызды өтеу міндеттемелерін 6 жылдан астам уақыт орындамаған.

Атырау облысы соттарының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету Орталығында «Сот кабинеті» сервисі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

09/06/2017

Атырау қаласының №2 соты «Сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту, оның шінде сервисті қолданушыларға «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Атырауда «Сот жүйесіндегі антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру және жемқорлық құқықбұзушылықтарының профилактикасы» тақырыбында семинар өткізілді

09/06/2017

Атырау облыстық сотында «Сот жүйесіндегі антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру және жемқорлық құқықбұзушылықтарының профилактикасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уәлиева, облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Департаментінің жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.Ұзақбаев қатысты.

Қос бірдей қытай азаматтары елден шығарылды

09/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 – бабының 2 – бөлігімен Қытай Халық Республикасының 2 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Заңсыз балық сатып алғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

09/06/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотындаҚазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігімен М.А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы М.А. Махамбет ауданы Есбол ауылында жалпаы салмағы 3 500 кг болатын 54 қап «табан» және «қаркөз»балықтарын  сатып алған. Сол күні барлық сатып алынған балықты «Газел-3202-14» маркалы автокөлігіне тиеп, Атырау-Орал тас жолында полиция қызметкерлерінің автокөліктің артқы жүк салғышын тексеру кезінде ұсталған.