Архив событий

29/06/2017

Атырау облыстық сотының қызметкері облыс әкімінің баспасөз күнімен құттықтау шарасына қатысты

29/06/2017

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БАҚ өкілдерін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Бақ өкілдеріне арналған құрмет жәйлы мейрамханада жайылған дастархан басында жалғасты.

Бұл күні журналистердің тарапына толассыз жылы лебіздер айтылды. Грамота, алғыс хаттармен марапатталғандардың қатарында Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің бас маманы М.Ғабдолхаевта болды. Сонымен қатар, ардагер журналистер құрмет белгілерін иеленіп, кейбір журналистер Тауман Амандосов атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды.

Журналистер Одағы Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысын «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» деп таныды

29/06/2017

28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстан Республикасының журналистер Одағының Атырау облысы бойынша филиалы аумақтық БАҚ арасындағы конкурсты қорытындылады.

Журналистер күнінде Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өткізіліп, 2017 жылғы шығармашылық конкурстың қорытындысы жарияланды.

Бұл күні жергілікті газет редакторлары, тілшілер, фототілшілер, дизайнерлер, баспасшылар, операторлар арасында үздіктер таңдалды.

Дау медиация тәртібімен шешілді

29/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы«Спецавтобаза» ЖШС-нің жауапкер «Сункар» жеке кәсіпкерінен 39 407 теңге бережақты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Әрбір ата-ана кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағуға міндетті

29/06/2017

С. мен М. 2007 жылы отбасын құрады. Бақытты отбасында үш бала дүниеге келеді.

Төрт - бес жыл өткен соң ерлі-зайыптылар тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан бір-біріне көңілдері суып, бақытты күндер артта қала береді. М. бала тәрбиесіне моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетпейтін жағдайға жетіп, ерлі-зайыптылар бөлек мекен-жайда тұрады.

Бұрынғы реніші үшін адам өлтірді

29/06/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының Бірлік селосында болған оқиға бойынша қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Сот борышкерді банкрот деп таныды

29/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Н.С.Каражанова жеке кәсіпкерін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Атырауда «Таблиги Джамаат» экстремистік ұйымының мүшелері сотталды

29/06/2017

Атырау  қалалық  №2 сотымен, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының алты тұрғындарына қатысты үкім шықты.  Тұлғалардың барлығы «Таблиги Джамаат» діни экстремисттік ұйымының қызметін ұйымдастырғандары және қатыстқандары үшін кінәлі деп танылды.