Алкоголь өнімін сатқан сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігі бойынша азаматша  А.О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.О. Миялы селосында орналасқан супермаркетте этил спиртінің көлемді үлесі 40 пайызды құрайтын 6 дана «Тайга» алкоголь өнімін бөлшек сауда арқылы өткізген. Қызылқоға АІІБ қызметкерлерімен аталған алкоголь өнімінің сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізілгені анықталды.

Сот қаулысымен А.О. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысу қызмет түріне лицензияның қолданысын 10 күнге тоқтата тұрып, 15 883 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.  

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі