Атырау қалалық сотында сот мамандарымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотының сот мамандары және кеңсе меңгеруші қатысуымен  азаматтық істер  бойынша  процестік  құжаттардың  жасақталу  сапасы  тақырыбында  семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабағын Атырау қалалық сотының судьясы Г.Турганова ашып, жүргізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында сот мәжілісінің хатшыларының қазақ тілінде әзірленген  сот отырысының хаттамаларының сапасын тексеріп, хаттама жазу барысында туындайтын бірқатар мәселелерді ортаға салып, талқылады.

Семинар сабағында  жетекші маман Ұ.Шайақберовамен «Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының  әрбір азаматының парызы» тақырыбында баяндама оқылды.

Семинар соңында қатысушылар айтылған мәселелерді назарларына алып, пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі