Атырауда басшылықтың бұйрығын орындаудан бас тартқан әскери қызметшіге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Ансариевамен көшпелі сот отырысында әскери қызметші Б.-қа қатысты  іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2017 жылғы 26 мамырда сағат 04:00 шамасында қатардағы Б. бақылау өткізу бекетінде белгіленбеген уақытта уйықтап, бақылау тексеріс өткізу кезінде 51809 «Е» әскери бөлімінің взвод командирінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындамаған.

Осыған байланысты қатардағы Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде (бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Істі қарау кезінде қатардағы Б. Әскери бөлімінің жеке құрамы алдында әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін толығымен мойындады.

Судья қаулысымен Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып,  оған 56 725 тенге айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі