Азамат мәжбүрлеп емдеуге жолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен арыз беруші Атырау облысы денсаулық сақтау Басқармасының «Атырау облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының   азамат И.-ды мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесіне нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотқа жүгінуге азамат И.-дың жүйелі түрде есірткі заттарды қолдананып, үйінде жан-жал шығаратыны, отбасы тыныштығын бұзатыны, жақын туыстарының денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратыны негіз болған.

Сот отырысында И. өзінің есірткіден мәжбүрлеп емдеуге жіберу қажеттігін мойындады.

Соттың шешімімен И. алты айға мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесіне нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жолданды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі