Бокстан облыстық мамандандырылған спортық клубының бұйрықтары заңсыз деп танылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотына талап қоюшылар  О., Ш., М. жауапкер «Бокстан облыстық мамандандырылған спортық клубы» кәсіпорын мекемесіне аталған мекеменің директорының әрекеттерін, тәртіптік шара қолдану жөніндегі бұйрықтарды заңсыз деп тану және күшін жоюды, спорттық киімдерді беруге міндеттеу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Сотпен  талап  қоюшы  О.  мекемеде  жаттықтырушы ретінде  қызмет атқаратыны,  жұмыс  беруші  тарапынан  О.-ның педогогикалық кеңеске  қатыспағаны  үшін  ескерту  түріндегі тәртіптік  шара  қолданылғанын,  кейіннен «бұйрық  шықпай  тұрып іс-сапарға  шықты» деген негізбен  сөгіс  түріндегі  шара қолданылғанын, оның күші  жойылғанын, спортшылар Ш. және  М. 2017 жылғы 27 қаңтарында дүниежүзілік 28–қысқы Универсиаданың Атырау қаласында алау эстафетасына қатыспауларына байланысты екеуіне «ескерту» тәртіптік шара қолданылғанын, дегенмен  олар  сол уақытта  Онтүстік  Қазақстан  облысында іс-сапарда  болғаны анықталды.

Сондықтан О., Ш., және М. –ға қатысты бұйрықтар заңсыз деп танылып,  күші  жойылды.

 Жауапкерге Еңбек кодексінің талаптары бойынша заң бұзушылық орын алған фактілер жөнінде жеке ұйғарым шығарылып, бір ай мерзім берілген.   

Талап қоюшылардың  мекеменің директорының әрекеттерін, спорттық киімдерді беруге міндеттеу туралы талап қою арыздарын  қанағаттандыруға  негіз жоқ салдарынан  бұл  талаптарын  қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

         

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі