Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат Несие Серіктестігі» ЖШС-нің жеке кәсіпкер К.М.Дауленоваға 208 520 теңге негізгі қарыз, 9 917 теңге сыйақы, 311 219 теңге өсімақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Іске талап қоюшының өкілі ретінде адвокат Л.Кайралапова, ал жауапкер өкілі ретінде адвокат Ж. Сундеткалиева қатысты.

Қазақстан Республикасының АПК-нің 181-бабының 2-бөлігінде реттелгендей, партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Іс бойынша сотта іс жүргізу барысында тараптар екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен өзара келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз партисипативтік рәсім өткізіп, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен іс бойынша тараптар арасындағы келесі шарттары бар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

АПК-тің 116-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу жөніндегі сот шығындары бюджет қаражаты есебіне жатқызылды, яғни талап қоюшы да жауапкер де сот шығындарын төлеуден заңнама талаптарына сай босатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Осылай, тараптар арасындағы мүліктік дау адвокаттардың белсеңді қатысуы және тараптарға жәрдемдесуі нәтижесінде сотта татуласымен аяқталды.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі