Ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен К.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

2017 жылдың сәуір айында К.А өзінің басқаруындағы «Форд-Транзит» маркалы автөкөлігімен Ақтөбе-Астрахань тас жолының тұсында ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот қаулысымен К.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі