Келіні мен енесі ортақ келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Г.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Г.Б.-ның келіні жәбірленуші М.Т. өзінің жолдасымен өзара келіспей қалып үйіне кетіп қалған. Алайда келесі күні жастар өзара татуласып келіні қайтадан үйіне келген. Кейін үй шаруасымен айналысып жатқан кезінде енесі құқықбұзушы Г.Б. келіні М.Т.-ны орынсыз балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқықбұзушы мен жәбірленуші өзара татуласқандарын айтып, істі тоқтатуды сұраған.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Г.Б.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатып, оған қатысты істі тоқтатты.

 Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі