Әкімшілік сотта балалар суретіне конкурс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот қызметкерлерінің балалары арасында 1-маусым Халықаралық балаларды қоғау күніне арнап «Бақытты балалық шақ» балалар суретіне шығармашылық конкурс өткізілді.

Конкурсқа көптеген көрнекі суреттер қойылған. Балалардың қиялына қызығушылықпен қарауға болады.

Мереке шеңберінде балаларға «Мен Қазақстанды суреттеймін», «Біз – біздің еліміздің лайықты болашағымыз», «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыптарына суреттер салу ұсынылды.

Қорытындысында комиссия жеңімпаздарды анықтап, бірнеше қатысушылар жүлделі орындарды иеленді.

Сот төрағасы Ж.Жаксылык барлық балаларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, балаларға дендерінің сау, мықты, ақылды және өз еліне қызмет ететін азаматтары болып өсулерін тілеп, оларға құнды сыйлықтар табыс етіп, грамоталармен марапаттады.

Шара балаларға арналған фуршетпен аяқталды.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі