Құрманғазы аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  сот төрағасы Е.Аманғалиев, Құрманғазы аудандық прокурорының прокуроры А.Сүйналиев, қорғаушы У.Сапарова мен сот отырысының хатшылары қатысты.

Сот төрағасы өз баяндамасында 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 1 шілдесіне дейін облыстың барлық соттарында Қазақстан Республикасының соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті республика судьялары мен соттарының қызметіне сырттай бағалауды жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруы аясында сот процесіне қатысушылар арасында сауалнама жүргізу туралы атап өтті.

Сауалнама жүргізудің басты мақсаты - сот талқылауы қатысушыларының сот отырысын жүргізу және ұйымдастыру сапасымен қанағаттандырылу деңгейін зерделеу.

Сот төрелігін іске асыру бойынша азаматтардың қанағаттандырылу деңгейін бағалау кешенді сипатқа ие. Осылайша, сауалнамада  сот төрелігінің қолжетімділігі, судья әдебі сұрақтарымен қатар сот процесіне қатысқан прокурор мен адвокаттың қызметіне қатысты сұрақтар да қарастырылған. Сауалнамада барлығы 10 сұрақ қамтылған. Сауалнаманы процесске қатысушы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық түрде толтыра алады.

Сауалнама нәтижесі бойынша республика судьялары мен соттарының қызметіне сырттай бағалау анықталады.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі