Құрманғазы аудандық сотының төрағасы колледжде дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев Құрманғазы аграрлы-техникалы колледжіне дәріс оқыды.

Сот төрағасы дәрісте сот реформасының кезеңдері, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау аясында қабылданған шаралар, судьялардың VII съезі, сот ісін жүргізуде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен «Сот кабинеті» электронды сервисінің жұмысы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Е.Аманғалиев «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізгі нормалары мен Пилоттық жобаны қолданудың тәртібін түсіндірді.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі