Қызылқоға аудандық сотында ашык есік күні өткізіледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, сот жүйесінің беделін арттыру, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, аудан тұрғындары үшін сот төрағасының жеке қабылдауын ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізеді.     

Ашық есік күні аудандық сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде 2017 жылдың 20 маусым күні сағат 09:00 – 12:30 аралығында өтеді.

Ашық есік күніне келушілерді Қызылқоға аудандық сотының төрағасы Айтжан Досмағамбетова  қабылдайды.

Қабылдауға келушілер алдын-ала 2-17-89, 2-14-40 телефондары арқылы тіркелуге немесе сол күні тіркеусіз қатысуға  мүмкіндіктері бар. 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі