Қызылқоға аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарының алдын-алу және сот жүйесінде гендерлік білімді насихаттау жұмыстарын  одан әрі жетілдіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстелге Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары С.Жаңабаев, Қызылқоға АІІБ учаскелік инспекторлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Миялы селолық округі және аудандық соттың жауапты қызметкерлері қатынасты.

Шара барысында сот төрағасы А.Досмагамбетова аталған тақырыпта баяндама жасап, осы санатқа қатысты сотта қаралған істер бойынша статистикалық деректерге тоқталды.       

Шараны қорытындылай келе сот төрағасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында осындай дөңгелек үстел өткізудің маңыздылығы туралы атап айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі