Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтарытүсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті сервисінің артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға аудандық соттың қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері М.Тасмағамбетова, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ғ.Мурзагалиев, аудандық Әділет басқармасының маманы Ж.Кабесова, аумақтық сот орындаушылар учаскесінің іс жүргізушісі Б.Досқайрова қатысты.

Аудандық соттың жетекші маманы Н.Кабенова аталған тақырып бойынша баяндама жасап, ақпараттық сервистің мүмкіншіліктері, сотқа аппеляциялық арыздарды беру және электронды түрде құжаттарды беру тәртібі жайында,  мемлекеттік бажды онлайн режимде төлем жасаудың мүмкіндіктері, сонымен қатар азаматтар өз бетінше қаралатын істердің процедуралық мерзімдерін бақылап, сот құжаттарын және істі тыңдау кестесін  қарай алатындығы туралы түсінік беріп өтті.

Осы шараға қатысушылар қозғалып отырған тақырыптың өзектілігін тілге тиек етті.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі