Мақат АІІБ жедел уәкілі пара үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. Онда ол өзінің лауазымдық міндеттемелерін орындау барысында «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің ведомстволық бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қызметтік этика нормаларын сақтауға міндетті бола тұрып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін мұндай әрекеттер өзінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретінін және ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге ықпал жасай алатын болып, сол сияқты жалпы қамқорлығы және жол берушілігі үшін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен айтарлықтай мөлшерде жасалған пара алып, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған.

Мақат аудандық сотының үкімімен С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша ҚК-нің 55 бабының 3,6 бөліктерін қолданып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекет меншігіне тәркілеумен, құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, полиция аға лейтенанты   арнайы атағынан айырып, 3(үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаза өтеу орны ретінде түзеу колониясының жалпы режимі  белгіленді. Сонымен қатар осы қылмыстық іс бойынша қаулыда  аталған қылмыстың жасалуына себепші болған  мән-жәйларға Атырау облысының Ішкі Істер Департаментінің бастығының  назары  аудару мақсатында жекеше  қаулы шығарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі