Мақат аудандық сотында талқылау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының  2016 жылғы 28 сәуірдегі Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасын талқылау өтті.

Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленгені, бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігі айтылды.

БАҚ-пен өзара іс-қимылды дамыту қоғамға БАҚ арқылы сот органдарының қызметі, сот төрелігін жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты өз уақытында жеткізу үшін қажетті жағдайлар туғызуды көздейтіні айтылды. Аталған міндетті орындау ұйымдастыру, оқыту және БАҚ-пен жұмыс бағыттары бойынша іске асырылатындығы атап көрсетілді.

Тұжырымдаманы іске асыру соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.